ALATAU INVEST KZ

Орталық қызметкерлерімен кездесу

Алматы облысы Қазақстанның инвестициялық тартымды өңірі болып табылады. Бұл аймақтың негізгі ерекшеліктерінің бірі оның стратегиялық географиялық орналасуы және дамыған инфрақұрылымы. Мұнда индустриялық және арнайы экономикалық аймақтар белсенді дамып келеді, бұл инвесторларға мемлекеттің қолдауымен жобаларды іске асыруға кең мүмкіндіктер береді.

Алматы облысының Өңірлік даму орталығының мамандары жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде инвесторларға көмек көрсетуге дайын. Қызметкерлерден толық кеңес алу үшін электрондық пошта мекенжайына хабарласуыңыз қажет info@almreg.kz.

РҚРАО-мен кездесуге дайындық жоба туралы сапалы презентация әзірлеуді қамтиды, онда келесі элементтер болуы керек:

  • Жобаның қысқаша сипаттамасы.
  • Қажетті аумақ туралы ақпарат.
  • Мемлекеттік қолдау шеңберінде барлық инженерлік инфрақұрылымдарды жүргізу жөніндегі жұмыстарды ескере отырып, қажетті инженерлік желілер бойынша деректер.
  • Қаржыландыру көздері көрсетілген инвестициялар сомасы.
  • Құрылатын жұмыс орындарының саны.

Жобаны таныстырып, оны іске асыру орнын анықтағаннан кейін орталық мамандары қатысушының - АЭА немесе АА мәртебесіне байланысты қажетті алгоритмдерді ұсынатын болады.

Біздің мақсатымыз-Сіздің жетістігіңіз!