ALATAU INVEST KZ

IZ алгоритмі

Индустриялық аймақтар экономикалық өсуді ынталандырудың маңызды құралы болып табылады және мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы табысты өзара іс-қимылдың мысалы болып табылады. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде осы аймақтарда жер учаскелерін бөлуді, инженерлік инфрақұрылымды құруды және жолдарды салуды қоса алғанда, әртүрлі мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Алматы облысындағы индустриялық аймақтар экономикалық дамуда стратегиялық рөл атқарып қана қоймайды, сонымен қатар инвестициялар тартуға және қолайлы индустриялық орта құруға заманауи көзқарасты білдіреді.

Индустриялық аймақтарға қатысушы мәртебесін алу рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. басқарушы компанияға құжаттар пакетін ұсыну:

  • уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
  • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
  • өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
  • өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер)қол қойған соңғы есепті күнге арналған қаржылық есептіліктің көшірмесі;
  • уәкілетті орган белгілеген талаптарға жауап беретін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
  • қызмет көрсетуші банктің өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмесі және кредиттік бюродан кредиттік есеп;
  • тіркеу есебінің орны бойынша Мемлекеттік кірістер органының салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болуы немесе болмауы туралы анықтамасы.

Егер заңды тұлға құжаттарды тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, онда мемлекеттік кіріс органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеудің жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі ұсынылады.

Шетелдік заңды тұлғалар мынадай заңдастырылған құжаттарды ұсынады:

  • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
  • заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
  • сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірме немесе шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлғаның заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, қазақ және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасымен басқа да жария етілген құжат.

II. Басқарушы компанияның ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асыруы.

III. Инвесторды индустриялық аймаққа жіберу жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің оң шешімін алу.

IV. Индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасау.

V. Қатысушы мен Басқарушы компания арасында қайталама жер пайдалану (қосалқы жалдау) шартын жасау.